Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Қошалақов Әділбек Ұсенұлымен бірге Көмекбаев ауылдық округіндегі барлық кезеңдік ауыз су құбырының ашылу салтанатына қатысты.

Аудан басшысы ауыл халқын еліміздің ата заңы, мемлекеттік мереке – Конституция күнінің қарсаңында ашылғалы тұрған жаңа құрылыс нысаны, барлық кезеңдік су құбырының іске қосылуымен құттықтап, тұрғындардың таза ауыз судың игілігін көрулеріңе өз тілектестігін білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Көмекбаев ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 253 443,0 мың теңге бөлініп, "Корпорация Әлем Құрылыс" ЖШС мердігер мекемесі арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын.

Тағы да оқыңыз: