Kyzylorda-news.kz Соңғы жылдары Қызылорда қаласында автокөлік саны айтарлықтай артты. Соған байланысты кейбір көшелерде қозғалыс қиындап, жол-көлік оқиғалары да жиі тіркеліп жатады. Әсіресе қарбалас уақытта орталық көшелерде көлік кептелісі байқалады.
Қала тұрғындарының айтуынша, қозғалыс ең көп болатын көшелердің қатарында Әбілқайыр хан көшесі, Жібек жолы көшесі және Тәуелсіздік даңғылы бар. Кейбір қиылыстарда көлік соқтығысу жағдайлары да тіркеліп жатады. Бұл көшелер қала орталығын бірнеше ауданмен байланыстыратын негізгі жолдар болғандықтан, көлік ағыны тәулік бойы үзілмейді. Таңертең және кешкі уақытта жұмысқа немесе оқуға баратын адамдардың көлігі көбейіп, қозғалыс баяулайды. Кей жүргізушілер бұл көшелерде кептеліс жиі болатынын айтады.
Жол-көлік оқиғалары көбіне жылдамдықты асыру, жол ережесін сақтамау, көлік ағынының көп болуы, кей жүргізушілердің асығыстығы сияқты себептерден болады.
Жалпы алғанда, Қызылорда қаласында көлік қозғалысы толықтай қиын деп айтуға болмайды. Алайда автокөлік санының артуы орталық көшелердегі қозғалысқа әсер етіп отыр. Тұрғындардың пікірінше, жол инфрақұрылымын дамыту мен жол ережесін сақтау көлік қозғалысын қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Мерей Жалғасбек
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті
Фото: Нұрболат Нұржаубай
