Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін білесіз. Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдалануға болады.

– Ол үшін egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бір ретік құпиясөз арқылы кіріңіз;

– Қосымшадағы «Көлік жүргізу және транспорт» бөлімінен «Техникалық тексерістен өту мерзімін қарау» қызметін таңдаңыз;

Әрі қарай жүйе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуіңізді сұрайды.
Қажетті мәліметтер толтырылған соң жауап бірден беріледі.

Бәрі өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы да оқыңыз: