Kyzylorda-news.kz. Жақында жастарды әскерге шақыру жұмыстары пысықталды. Аудан әкімінің орынбасары, мерзімді әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Дәурен Тілеумбетовтің төрағалығымен өткен мәжілісте мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды.

Дәурен Оңғарбайұлы кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің қатарында екендігін айтты. Алдымен өткен жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарында орын алған кемшіліктер мен осы жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұрлан Көлбаев баяндады. 

Маңызды жиын соңында Дәурен Тілеумбетов тиісті сала басшыларына 2023 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды қадап айтты. Сонымен бірге маңызды істі қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз етуді қадағалау қажеттігін алға тартты. Жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: