Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда кейбір мектеп басшылары каникул кезінде мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», – делінген хабарламада.

Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ пандемия кезінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.

Айта кетейік, COVID-19 жұқтыру қаупін азайту шаралары аясында қабылданған ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагог көктемгі демалыс уақытында қашықтан жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыз: