Kyzylorda-news.kz Мәжілісте көктемгі егін науқанының барысы, егінді әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және "Кең дала" бағдарламасының іске асуы барысы талқыланды.

Аудан әкімі көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарының сапасын, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындық деңгейін, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және тұқым сапасы мәселелерін назарға алуды тапсырды. Сонымен қатар, егінді әртараптандыру арқылы агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сала басшысының есебін тыңдады.

"Кең дала" бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа жобалар талқыланды. 

Жиын қорытындысы бойынша сала басшылары мен ауыл әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы аяқтау және "Кең дала" бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Сырдария ауданы әкімі 2.jpg

Тағы да оқыңыз: