Kyzylorda-news.kz «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды баспанамен қамтуға ерекше мән берілген.  Осы мақсатта Сыр өңірінде аймақ басшысының қолдауымен бағдарлама аясында арнайы «Сыр жастары» жобасы жүзеге асты. Жоба аясында бірқатар жастар баспаналы болып та үлгерген болатын. Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысында «Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы көтеріліп, бағдарламаның тиімділігін арттыру, жастардың баспанаға қолжетімділігін жеңілдету жолдары талқыланды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысты туындаған сұрақтар мен ұсыныстар ортаға салынды. 

Кеңес жиынына  «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов,  қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері және «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уалихан Ибраев өңірдегі «Сыр жастары» мемлекеттік бағдарламасы жайындағы жасалып жатқан жұмыстар хабарлама жасады.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 15.12.44 (1).jpeg

«Бағдарлама аясында мыңға жуық жастан құжат қабылданып, 60 жасқа 2024 жылдың мамыр айында қаламыздың Сол жағалауында орналасқан жаңа, үш бөлмелі пәтерлердің кілті табысталса, қалған 40 жасқа Бименді Баймаханов көшесіндегі жаңа үй пәтерлерінің кілті желтоқсан айында берілді. Бағдарламаның оңтайлы шарттары мен тиімді несиесі жастарға қолдау болып, қоғамда оң пікірге ие болып үлгерді. Осы орайда, бағдарламаны жүзеге асыру барысында келіп түскен ұсыныстар мен жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесіне сәйкес, бағдарламаның 2025 жылғы ережесі мен шарттарына облыстық мәслихаттың 2024 жылдың 9 желтоқсанындағы №141 шешімімен бірқатар өзгерістер енгізілді.  «Сыр жастары» бағдарламасын 2025 жылы жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен  бюджеттік несие ретінде 1,2 млрд теңге бөлініп, «Отбасы банк» АҚ-ының банктің шотына аударылды» - деді Уәлихан Серікұлы.

Отырыс қорытындысы бойынша «Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасын одан әрі жетілдіру және жастар арасында кеңінен ақпараттандыруға қатысты бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.  Айтылған ұсыныстар арнайы хаттамаға енгізіліп, тиісті орыгандарға жолданатын болады.

Аманат партиясы.jpeg

Тағы да оқыңыз: