Kyzylorda-news.kz Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында қала әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы және Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бірлесіп, Абылайхан атындағы жоғары колледжінде студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарға әскери қызметтің маңызы, әскерге шақыру тәртібі мен талаптары түсіндіріліп, оның беретін мүмкіндіктері айтылды. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Бұл маңызды науқан жергілікті әскери басқару органдарының бастамасымен және барлық атқарушы органдардың бірлескен қатысуымен жүзеге асырылуда. 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде әскер қатарына баруға ниет білдірушілер саны көбейген. 

Фото: gov.kz

Тағы да оқыңыз: