Kyzylorda-news.kz Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде тұрғындарды сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету және елді мекендердің санитарлық тазалығы мәселелері қаралды.

Қазіргі таңда ауданда әлеуметтік маңызы бар сұйытылған мұнай газы жеткілікті көлемде сатылуда. Мәжілісте газ қорының тұрақты толықтырылуын қамтамасыз ету, тұрғындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Мәжілісте сондай-ақ, елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары қаралып, жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.

Тағы да оқыңыз: