Kyzylorda-news.kz  Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңес мүшелері қаланы көркейту, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, зерделеу жасады.

Кеңес мүшелері алдымен орталық көшелердегі гүлзарларға гүл егу, көгалды күтіп ұстау, қураған ағаштарды кесу, балақтау, арамшөптерді тазалау бағытында жасалып жұмыстармен танысты.

Жалпы өңірде ағымдағы жылы аймақ басшысының тасырмасына сәйкес қаламызды көгалдандыру мен оларды күтіп баптау үшін «Жасыл Қызылорда» КММ-сі құрылған болатын. Жоғарыда аталған жұмыстар осы мекеме құзіретіне жүктеліп, оны жүзеге асыруға 60-тан аса жұмыс күші жұмылдырылған. Қазір қаладағы Н.Назарбаев даңғылы мен сол жағалау және басқа да көше бойларын, саябақтар мен скверлерді гүлмен көмкеру жұмыстары жүргізілуде. Шаһар аумағын көгалдандырып, көріктендіру үшін раушан, бархатцы, тагетис, петунья сынды гүл көшеттері егілуде.

Сонымен бірге зерделеу тобы орталық алаңды абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Бүгінгі күні қаладағы көпшілікке арналған орынға кең көлемде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Заманауи дизайнмен жүзеге асырылып жатқан орталық алаңда көгалдандыру жұмыстарында тұрғындардың демалуы үшін қажетті дүниелер назардан тыс қалмаған. Қалаға сән беретін әрі ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаштар егіліп, жасыл алаңдар төселуде. Әсем жарықшамдар мен ыңғайлы орындықтар орнатылып, субұрқақ жаңартылуда.

Мердігер мекеме «Техоснастка Ремсервис» ЖШС директоры Ли Илларион ағаш көшеттері мен көгалдар ауа-райына қолайлы, ыстыққа, шөлге төзімді»,- дейді ол. Өз кезегінде жаңа көшеттерді суғару құрылғылары орнатылған. Жалпы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, халық игілігіне табыстаймыз деп отыр.

Мониторинг барысында Кеңес төрағасы Қожахмет Ілиясов: Тазалық – қала көркі, адам жанының айнасы. Осыған орай елді мекендерді, ауыл-аймақты, көркейту, көгалдандыру, ағаш көшеттерін қондыру, тазалық сақтау – әр азаматтың міндеті екенін тілге тиек етіп, тазалықты сақтау, еліміздің экологиялық жағдайдын жақсарту «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқандығын және «TazaLike» партиялық жобасының басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Жалпы табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың парызы десек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы Сыр елінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» атауымен өте белсенді жүргізілуде. Игі іске партияның аймақтағы барлық құрылымдық бөлімшелері мен «Жастар рухы» белсенділері толық қатысуда.

Тағы да оқыңыз: