Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 1 қазаннан бастап заңнамаға түзетулер еніп, заң күшіне енді. Осыған сәйкес кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген ақпаратты жаңарту мерзімі 15 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқарды және ақпаратты жеткізушілердің кредиттік бюроларға қарыз алушы туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 1 жұмыс күнін құрады.
Неліктен бұл өзгерістер қабылданды? Бұл жаңалық қарыз алушыларға қалай әсер етеді? Бұл азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қалай қорғауға мүмкіндік береді? Бұл сұрақтарды біз Instagram-дағы тікелей эфирде «Кредиттік тарих: ол туралы әрбір қарыз алушы нені білуге тиіс» тақырыбында шақырылған сарапшы, Гүлімай Әбілова - Мемлекеттік кредиттік бюроның Әзірлеме басқармасының бас сарапшысымен талқылаймыз.
Өткізіп алмаңыз, жұма күні – 2022 жылғы 7 қазанда, сағат 16:00-де қосылыңыздар! Егер сіздердің осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды осы пост астында қоя аласыздар. Әр адамға жауап береміз! Сіздерді мына сілтеме бойынша күтеміз.
Кредиттік тарих не үшін қажет?
Кредиттік тарих тек банктер үшін ғана емес, сіз үшін де маңызды. Егер оң тарихыңыз болса сіз үлкен сомадағы кредитті оңай ала аласыз. Және керісінше – егер сіз алдыңғы кредиттеріңізді уақтылы төлемесеңіз немесе мүлде төлемей қойсаңыз, онда банк сізге қарыз беруді мақұлдамайды. Егер сіз ешқашан кредит алмаған болсаңыз, онда сіздің кредиттік тарихыңызда жазба болмайды.
Сізге қарызды ресімдеу кезінде банктер кредиттік бюролардан деректерді сұратады. Мәселен, сіз кредит алып, оны мерзімінде төледіңіз. Бұл ақпарат сіздің кредиттік тарихыңызда тіркеледі. Кейін, сіз басқа банкте кредит ресімдейсіз, оны банк алдыңғы кредитті уақтылы қайтарғаныңызды көреді және сізді жауапты клиент ретінде қабылдайды. Кез келген банк берілген қаражаттың қайтарылатынына және сенімді адамдарға кредит беруге сенімді болғысы келеді. Міне, сондықтан кредиттік тарихты қадағалау маңызды.
