Kyzylorda-news.kz 24 сәуір күні облыстық кітапханада «Жаңа Қызылорда»: даму мен руханиат үндестігі» атты «Әкім аға тілеулестері» РҚБ халықаралық Х форумы аясында мемлетет және қоғам қайраткері, жазушы Ә.Ысқақтың «Өлімді жеңген махаббат», «Алтыным» кітабының қарақалпақ тіліндегі аударма кітаптарының тұсаукесер рәсімі ұйымырылды.

Кешті Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, республикалық Әкелер Одағының Қызылорда облыстық филиалың төрағасы Е.Ескендір жүргізді. Мақсаты – қаламгердің өмір жолын өскелең жастарға үлгі ету, шығармаларын насихаттау.

Қызылорда облыстық мәслихатының төрғасы М.Тілеумбетов ашып, облыс әкімінің құттықтауын табыстады. Облыс әкімнің орынбасары М.Шермағанбет, мемлекет және қоғам қайраткерлері Б.Еламанов, Б.Каюпов құттықтап, шығармашылығына табыс тіледі.

Кешке «Өлімді жеңген махаббат» кітабының редакторы, журналисты, тарихшы, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі З.Әшірбек, Бердак атындағы Қарақалпақстан университетские профессора И.Сейітназарова, «Өлімді жеңген махаббат» кітабының кейіпкері Қ.Бақбергеновтің туыстары Ж.Бақбергенова, Р.Шамұратова, семейлік ақын Ү.Шарипова, «Өлімді жеңген махаббат» кітабының редакторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоров Р.Махамбетова, жергілікті зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кеш қонақтары әмбебап тұлға, майталман қайраткер, асыл сөзден өлең өрген қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндады. Жыршы, республикалық байқаулардың лауреаты Ж.Жақсанов арнауын арнады. «Өлімді жеңген махаббат» кітабының кейіпкері Қ.Бақбергеновтің сөзіне жазылған әндерін белгілі әнші-композитор Ү.Ерниязов, Г.Ермағанбетова, М.Байжановтар, қаламгердің жаңа әнін әнші Т.Шерниязқызы орындады.

Оқырмандар өмірді сүюге үндеп, дем берген, күш-қайрат сыйлаған «Алтыным» кітабынан үзінділер оқыды. Кеш қонағы Әкім Ысқақ өз шығармашылығынан сөз өрбітті, кітапханаға кітаптарын тарту етті.

Оқырмандар назарына «Кемел ой, кестелі сөздің есі» кітап көрмесі ұсынылды.

Фото: Облыстық кітапхана

Тағы да оқыңыз: