Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев бастамасымен және бірқатар бастамашыл азаматтардың демеушілігімен «Кітап оқы да, тұлға бол!» жобасы қолға алынған болатын.

Ақын, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Нұрмат Мансұров пен Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы ауданға қарасты 10 ауылдағы және аудан орталығындағы мектептерді аралап, оқушыларға жобаның мақсат-міндеттерін түсіндірген болатын. 23 сәуірде жобаның бірінші кезеңі басталып, жоба үйлестірушілері ауыл-ауылды аралап, жоба қатысушыларымен жүздесті.

Өткен сенбі күні ақын, руханият жанашыры Серік Ыдырысов, ақын Нұрмат Мансұров, «Тіршілік тынысы» газетінің редакторы Ақтөре Ибрагимұлы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы директорының орынбасары Сәулет Сахиев Сырдария ауданына қарасты Аманкелді және Бесарық ауылдық округтеріндегі білім ордаларының оқушыларымен кездесіп, «Ұшқан ұя» және «Жабайы алма» кітаптары туралы олардың түсініктерін тыңдап, эссе жаздырып, сұрақ-жауап ұйымдастырды.
Нәтижесінде оқуға берілген екі кітапты толық оқып, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жеті атасын жатқа айтып, эссе жазған екі ауылдағы жоба жеңімпаздары анықталды. Қос жеңімпазға демеушілер есебінен велосипед берілді.

Тағы да оқыңыз: