Kyzylorda-news.kz  Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлерімен бірге «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында түнгі кітапханаға барып, таңдаулы кітаптарды оқыды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес адам капиталын дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру мен тәрбие ісінде кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы қолға алынған.

Жоба аясында 8 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олар, «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын мұғалім», «Парасат», «Кітап оқитын зияткер», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын университет» және «Кітап оқитын колледж» бағыттары.

Аудан әкімі кітап оқудың адам танымын кеңейтіп, білім мен дүниетанымды қалыптастырудағы маңызына тоқталып, бұл бағыттағы бастаманы алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, аудандық кітапханада тұрғындардың кітап оқуына қолайлы жағдай жасау мақсатында күнделікті түнгі кітапхана сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: