Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Адал азамат» тұжырымдамасының мән-мағынасына терең тоқталды. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Президенттің бастамаларына демеу болып, өз деңгейінде ұлттың зияткерлік дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Осы орайда, 2023 жылдан бастап еліміздің барлық аймағында «Кітап-AMANAT» жобасымен рухани орталықтар ашылып, бастама аясында біздің аймақта да кітап орталығында белсенді жұмыс жүргізілуде.
Аталған орталықта Ұлттық басылым күніне орай баспа саласының өкілдерінің қатысуымен жастармен, оқырмандармен мәдени-рухани, танымдық-ағартушылық бағытында кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мусаева, «Orda.kz» Баспа үйінің редакторы Арайлым Қайыпназарова және журналист Алдияр Нұрманов қатысты.
Басқосу барысында рухани орталықтың қонақтары баспа саласының қыр-сыры мен қызықшылықтары туралы әңгіме өрбітіп, жастармен пікір алмасты.