Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мәдени мұра» және «Мәдениет ауылдық округі» бастауыш партия ұйымдарының бірлесіп ұйымдастыруымен, «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер Нұржанов Болатбек ағамызбен тағылымды кездесу өтті.
Іс-шара барысында кеш қонағы өзінің әскери салада қызмет еткен жылдарындағы қызықты оқиғаларымен, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жастар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға мазмұнды жауап берді.
Кездесуге қатысқан партия мүшелері мен жастар үшін бұл шара үлкен рухани серпіліс сыйлады. Сондай-ақ, партия филиалының төрағасы атынан Болатбек Нұржановқа алғыс хат табысталып, арнайы сый-сияпат көрсетілді.
