Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі және Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында кіші футболдан турнир өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы оң мінез-құлық қалыптастыру, спорттық рухты дамыту және олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау болып табылады.
Жарыс тартысты да жоғары деңгейде өтті. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.