Kyzylorda-news.kz. Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және иеліктен шығару және өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.

Бұдан басқа, кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.

Қазіргі уақытта кірістер мен мүлік туралы декларацияға және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, бекітілгеннен кейін 270.00-нысан мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты Сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.

Егер 2024 жылы «қабылданған» және «бөлінген» мәртебесі бар кірістер мен мүлік туралы декларацияның қолданыстағы нысаны (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса, онда 270.00 нысанындағы декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды. 

Естеріңізге сала кетейік, кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) 2024 жылы 2021-2023 жылдар аралығында активтер мен міндеттемелер туралы декларациянсын (250.00-нысан) ұсынған барлық жеке тұлғалар ұсынады. Оны осы жылдың 15 қыркүйек айына дейін ұсыну керек.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) «салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-salyq azamat, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде ұсынуға болады.
 

Тағы да оқыңыз: