Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» орталығы мен Kinoplex орталығы бірлесіп қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты аналарға арналып, оларға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылды.

Іс-шара аясында қатысушыларға «Жомарт жан» орталығының мүшесі Айдана Ерболаттың қолдауымен арнайы сыйлықтар  таратылып, кинотеатрда тегін көрсетілім ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерін ерекше сезініп, көңіл күйін көтере білді.

Шараға қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, осындай бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Жомарт жан» орталығының үйлестірушісі Нұргүл Ақсақалова, атап өткендей, бұл іс-шара тек қана қайырымдылық емес, қоғамның рухани бірлігін нығайтуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған.

Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Тағы да оқыңыз: