Кімдерге бал жеуге болмайды? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Кімдерге бал жеуге болмайды?

17.01.2021, 14:00

313 0

Kyzylorda-news.kz. Бал бәрі ойлағандай кез келген мөлшерде пайдалы емес. Кейде, тіпті, қауіпті болуы мүмкін. 

«Бал салдарынан түрлі сырқат асқынады. Ал үш жасқа толмаған балаларға мүлдем бермеген жөн. Өйткені аллергия туындайды», – деді дәрігер-диетолог Михаил Гинзбург.

Артық салмағы бар, қан қысымы, гипертония, бауыр гепатозы диагнозы қойылған адамдардың да балдан бас тартқаны абзал.

Сондай-ақ, бал салдарынан асқазан ауруы, ең алдымен, панкреатит кезінде бал жеу қауіпті.

Маманның айтуынша, адамдар бал өте пайдалы екеніне сенімді. Сондықтан көп мөлшерде жейді.

«Бал құрамында биофактор мөлшері көп деп санайды. Сондықтан ол регенерацияға сеп болып, бактерия мен вирусқа қарсы күресуге көмектеседі деген пікір қалыптасқан. Мұның бірі шын мәнінде олай емес», – деді дәрігер «Звезда» телеарнасына берген сұқбатында.

Sputnik

0

Пікір қалдыру