Kyzylorda-news.kz.  Еліміз бойынша 10 сәуір күні басталған экологиялық акция 11 мамырға дейін жалғасады. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен 14-20 сәуір дейінгі апталық «Киелі мекен»  деп аталды.

Бұл аптада тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда шиелілік тұрғындар акцияға қатысуда. Бүгін аудандағы  киелі орын саналатын Оқшы ата қорымының айналасына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Науқанға жергілікті тұрғындар, мәдениет қызметкерлері мен еріктілер барлығы 30-дан аса адам қатысты.

6f60e53e-1261-4df0-9668-e7596cef90d0.jpg31705d0c-62b3-4629-8214-7194d50b458e.jpg

Тағы да оқыңыз: