Kyzylorda-news.kz  Ауыл халқы қашан да ел үшін өзекті бастамалардың жанынан табылып, мәселенің тиімділігін талқылап жүреді. Сонымен қатар, ауылды гүлдендіру бағытында елімізде ілкімді істер атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламалардың дені осы ауыл халқына арналған. Оның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналасу, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жобаларының бірнешеуі іске асырылуда. Сондықтан, қандай да бір маңызды мәселені ең алдымен елдегі көнекөз қарияларымен, ауыл тұрғындарымен талқылап, пікірін білу игі дәстүрге айналды.

Бүгінгі кездесуде Халықтық штаб өкілдері Мұрат Ергешбаев пен Қарақат Әбден ауыл тұрғындарына атом энергетикасының тиімділігін түсіндірді.

Қазіргі таңда электр энергиясының оңтүстік өңірлерде жетіспеушілігі байқалуда. Сонымен қатар, электр қуатын қалалықтармен қатар ауылдағы ағайын да көп тұтынуда. Себебі, өндіріс, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптердің дені ауылдарда орналасқан.

Тұрғындармен жүздесуде штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев атом энергетикасының әлемдік тәжірибелерін баяндап, еліміздегі ядролық физика саласының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, әлемдік аренадағы ірі державалардың атом саласындағы ашқан жаңалықтарымен, қазіргі атом станцияларының жаңа буыны жайлы түсіндірді.

Жалпы әлемдегі барлық атом станцияларының қалытқысыз жұмыс жасауын «МАГАТЭ» халықаралық ұйымы бақылайды. Олар атом станцияларының барлығына ескертпестен бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда сөз алған Халықтық штаб мүшесі, «Ауыл» партиясының мүшесі Қарақат Әбден атом энергетикасының Қазақстанға берер артықшылықтары мен «жасыл энергияның» ел болашағындағы айрықша рөлі туралы айтып өтті.

Кездесуде қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев көмірден өндірілетін энергия мен көмірқышқыл газының қоршаған ортаға залалы жайлы түсіндірді.

Жиын соңында ауыл тұрғындары атом энергетикасына байланысты сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

461331268_942094444622859_8235824551099030357_n.jpg461156666_942094544622849_5821530286878050611_n.jpg

Тағы да оқыңыз: