Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың статистикалық есептері бойынша, Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінде халық саны 8882-і адамды құраған. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 6019 адам болса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 1092 адам. Ал ауылдық округтегі жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құраған.  

Ауылдағы Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп 90 жылдық тарихы бар іргелі мектеп. Мектеп «100мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2009 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі күні білім ордасында 2712 оқушы 113 сынып комплектісінде білім алуда.

2021-2022 оқу жылында пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінен 39, облыстық кезеңінен 1 оқушы оза шықса, ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінен 40, облыстық кезеңінен 15, республикалық шаралардан 7 оқушы жүлделі оралды.  
Бұдан бөлек, «INNO FEST Qyzylorda-2021» фестивалінде 2 топтың 6 оқушысы «Болашақ» Университеті ректорының грантын жеңіп алған.

2021-2022 оқу жылында мектеп бітірушілерден «Алтын белгі» - 6 оқушы, «Үздік аттестат» - 5 оқушы иегері атанып, ҰБТ қорытындысымен грант көрсеткіші орташа 90 пайызды құрады.

Қызылжарма ауылдық округіндегі «Сыр дидары» балабақшасы 2014 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі күні балабақшада 280 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 75 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 35-і педагог қызметкер, 40-ы техникалық қызметкерлер.

2022 жылдың 16 қарашада өткен «Үздік жоба-2022» атты қалалық сайыста балабақшаның мектепалды тобының тәрбиеленушісі ІІ орын,  2022 жылдың 24 қарашасында балабақша педагогтері арасында өткізілген «Инновациялық ойындар жәрмеңкесі» атты сайыста балабақша педагогы ІІ орын иеленді.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың 18 жетоқсанда өткен І-Республикалық «KERUEN» байқауына «Сыр дидары» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері қатысып, «Қазақша» би түрі бойынша бас жүлдені иеленген. Сонымен қатар, осы байқауда вокал номинациясы бойынша бөбекжай-бақшаның тәрбиеленушілері І дәрежелі және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Ауылдағы «Қызыжарма мәдениет үйі» 2013 жылдың қазан айында  халық игілігіне пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта мәдениет үйінде – 16 қызметкер жұмыс атқарады.

Бүгінгі күні Қызылжарма мәдениет үйінде әртүрлі жастағы тұрғындарға арналған он үш үйірме қызмет етіп келеді. Мәдениет үйі жанындағы түрлі үйірмелерге қамтылған өнерпаздар саны 116 адамды құрайды.

Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты VІІІ республикалық 50 жас пен 90 жас аралығындағы талантты жандарға арналған өнер байқауында «Қуаныш»  әжелер ансамблі  «Хормен ән айту» жанры бойынша  І орын иемденді. Осы сайыста 50 жас пен 90 жас аралығындағы талантты жандарға арналған өнер байқауында «Ән салу» жанры бойынша Гүлжан Тәшенова ІІ орын, Бибіқадиша Рахымжанова ІІІ орын иеленді. Ал «Дәстүрлі ән» жанры бойынша  Гүлжан Иманғалиева І орын, Бидаш Ермағанбетова жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Қызылжарма ауылдық округінде тіркелген кәсіпкерлік нысандар 446 бірлікті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жаңадан 76 кәсіпкерлік субьектісіне көбейіп, 227 адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы 2022 жылдың 12 айында Қызылжарма ауылдық округі бойынша  85 жоба  қолдау тауып, барлық  қаржы инситуттарынан 190 миллион теңге несие  қаражат алып, қазіргі таңда жұмыстарын істеуде.

Одан бөлек, Қызылжарма ауылдық округінде жеке кәсіпкер Жеңісбек Бердешов өз қаражаты есебінен жоба құны 25 миллион теңгені құрайтын «Green house» жылыжай кешенін 2022 жылы іске қосып, кәсібін жалғастыруда. Кәсіпкер бүгінгі күні 2 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жылыжайдан маусымында күніне 140 келіге дейін өнім алып, қала және ауыл тұрғындарына ұсынып отыр.

Қызылжарма ауылдық округіндегі тағы бір жеке кәсіпкер Сұлтанбек Сексенбаев өз қаражаты есебінен жалпы құны 230 миллион теңгені құрайтын, спорттың 4 секциясы болатын спорт кешенін салу жұмыстарын жүргізуде. Спорт кешені биылғы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық округтегі Сайлыбаев және №4А көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

Қалалық құрылыс бөлімі арқылы ауылдық округтің шет аймақтары болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 35 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылға 35 көшенің, 15 көшесіне  мердігер мекеме «УАД» серіктестігі тарапынан тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Қалған көшелер 2023 жылы жалғасын тауып, жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы әл-Фараби көшесінен Қарауылтөбеге баратын ұзындығы 1,6 шақырым болатын «Қызылорда жолдары» мекемесімен асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы шет аймақта орналасқан 12 көшеге 400-ге жуық электр бағаналары мен Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын аудандарына 6 жинақтық трансформаторы орнатылып, қазіргі таңда электр желілерін (СИП) тарту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Ауылдық округті аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 3 дана дренажды су бұрғылау ұңғымасы салынып пайдалануға берілді. Сонымен бірге ауылдық округтің ішкі көшелеріне 20 дана жол белгілері мен 3 дана жасанды жол кедергілері салынған.
2022 жылдың жаз айларында ауылдағы Досхожин көшесіне Қызылжарма кіреберіс аркасын орнату жұмыстары жүргізілді.   
Биылғы 2023 жылдың қараша айында «Қызылорда су жүйесі» мекемесі арқылы ауылдық округтегі Батырбаев 2А көпқабатты тұрғын үйге уақытша кәрізсу жүйесін орнату жұмыстары жүргізіліп, іске қосылған.

Тағы да оқыңыз: