Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер жол үстінде ұялы телефон пайдаланып, көлік басқарған 439 жүргізушіге әкімшілік шара көрді.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері  жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды   тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 439 жүргізуші жауапқа тартылды.

Автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттамалар  толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Тағы да оқыңыз: