Kyzylorda-news.kz Қызылорданың жол құрылысы саласында асфальт-бетон қалыңдығының жетіспеуі, айналма жолды дұрыс күтіп-ұстамау сияқты кемшіліктер жиі кездеседі, – деп хабарлайды Қазақпарат.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы өткен жылы 5 нысаннан 1760 сынама алған. Соның 132-сі немесе 7,5%-ы нормативке сәйкес келген жоқ. 115 кемшілік қалпына келтірілді. Ал аспаптық тексеру барысында 7 ақау анықталды. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге кемшілікті жою жөнінде ескертілген.
– Ескерту нәтижесінде 6 лот бойынша жалпы сомасы құны 40 млн теңгеге жуықтайтын жолдың 414 шаршы метр асфальт-бетон жамылғысы, 14 352 шаршы метр басты қабаты ауыстырылды. Сынама жүргізу кезінде анықталған негізгі кемшіліктер – асфальт-бетон жол қалыңдығының жетіспеуі, айналма жолға дұрыс күтім жасамау. Бүгінгі күні мердігер мекемелер — Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс, Гуйчжоу жол-инженерлік корпорациялары асфальт жабындысын талапқа сай қайта салып жатыр. Мұндай кемшілікті жергілікті «Қыран» серіктестігі дереу қалпына келтірді, – деді облыстық филиалдың бөлім басшысы Ержан Усманов.
Мекеме өкілдері жыл басынан бері 61 сынама алса, соның 2-і нормативке сәйкес келмеген. Бүгінгі күні осы және аспаптық тексеру барысында анықталған ақаулар да жөнделді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай