Kyzylorda-news.kz. Қызылордада картоп ішіне флешка салып әкелген азаматтың үстінен іс қозғалды.
Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде РжКБ-нің қызметкерлері тарапынан қамаудағылардың қолданылуына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіріп кетпуіне жол бермеу мақсатында елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізілуде. Әйтсе де, бас бостандығынан айырылғандарға келушілер тарапынан тыйым салынған затты алып келу фактілері анықталуда.
Атап айтсақ сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесіне келген Т. есімді қала тұрғыны әкелген тамақ өнімдері ішінен тыйым салынған зат табылды. Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған 1987 жылы туған Қызылорда қаласының тумасы болып шықты. Ол өзінің осы мекемеде ҚР ҚК - нің 99 - бабы 1-бөлігімен айыпталған 1997 жылғы танысына сәлем-сауқат әкелген болатын.
Мекеменің бақылаушы қызметкерлері сәлем-сауқаттарды қабылдау кезінде қырағылық танытып, әкелінген тағамдарды жіті тексеруінің нәтижиесінде тыйым салынған затты тәркіледі. Яғни, әкелінген қуырылған картоп ішінен фальгаға оралған 1 дана 16 ГБ флешканы жасырып қойғаны анықталды.
Анықталған дерек негізінде, бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.
