Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының бас полицейі «Парасатты полицей» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтады.
Биылғы жылдың 6-9 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласында өткен «Парасатты полицей» республикалық байқауыда жүлделі бірінші орынға ие болған «Айбын» командасын департамент бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген қызметкерлерді құттықтады.
Екі кезеңнен тұратын байқауға 17 команда қатыстып, бақтарын сынады.
Байқау қортындысымен бірінші орынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Айбын» командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілдің рөлін дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ «Тілдер мерекесіне» орай Департаменттің қызметкерлері полиция майоры Соболев Виталий, полиция майоры Федорук Владимир, полиция капитаны Тен Альфараби «Грамотамен» және «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев республикалық деңгейде Қызылорда облысының намысын қорғап жүрген қызметкерлеріміздің отбасына бақыт, жұмысына толағай табыстар тіледі!

