Kyzylorda-news.kz. «Қару» іс-шарасы барысында Қызылорда облысы тұрғынының көлігінен тіркелмеген мылтық пен патрон тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, Модель Б маркалы, 16 калибрлі, ұңғысы шолақ кесілген аңшы мылтығы екені анықталып, атуға жарамды екендігі бекітілген.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Тағы да оқыңыз: