Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Заң» медиа-корпорациясы» Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауын ұйымдастырған еді.
Түркістан қаласында өткен байқауға 104 шығарма түсіп, олардың 14-і жүлделі болған.
Ал, алғашқы үш жүлделі орынның үшеуін де қызылордалықтар жеңіп алды.
Республикалық «Таң-Шолпан» журналының бас редакторы, белгілі жазушы, Жалағаш ауданының тумасы Нұрлыбек Саматұлының «Жапыраққа жұққан қан» атты деректі әңгімесі бас жүлде, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, Қазалы ауданынан шыққан қаламгер Абай Аймағамбеттің «Жаза» әңгімесі 1-орын, Ішкі істер саласының құрметті қызметкері, полиция полковнигі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Әмірбек Шаймағанбетовтің «Шымкентский транзит надежды» атты орыс тіліндегі деректі әңгімесі 2-орын жүлдесін иеленді.
Байқауға Түркістан облыстық соты демеушілік жасап, жүлдегерлердің бәрін де ақшалай сыйлықпен марапаттады.
