Kyzylorda-news.kz Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі 2025 жылғы 2 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан.
Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 балл болған. Энергетикалық классы – 10,9. Тереңдігі – 12 шақырым.
Фото: istockphoto.com