Kyzylorda-news.kz  Әлеуметтік желі белсендісі Ержан Алданазаров өзінің фейсбук әлеуметтік парақшасында Жезқазған трассасында жолда бұзылып қалған автобус туралы жазды. Оның айтуынша, қызылордалықтар 14 сағат бойы жолда тұрып, бұзылған автобустың жөнделуімен қоса көмек күткен.

– Жезқазған трассасынан қызылордалықтар хабарласып, автобустарының шекарада бұзылып қалғанын айтып көмек сұрауда. Далада қалғандарын айтып, жазуымды өтінді. Байланыс өте нашар дейді. Қызылордалықтар 14 сағат бойы Қызылорда-Жезқазған трассасында күтуге мәжбүр болды, – деп жазба қалдырды.

Бұл хабарламаға Қызылорда облысы Тжд былай деп жауап берді.

"Оқиға бойынша көлік жөнделді, жүру жоспарлануда”, – деген автобустың жүргізушісінің хабарламасына орай құтқарушылар оқиға орнына бармаған. Бүгінгі таңда сол маңға қарай жақын аумақ болғандықтан Ұлытау облысы ТЖД мамандары жіберілген. Қазіргі кезде, яғни кеше сағат 10-нан 25 минут өткенде Ұлытау облысы ТЖД мамандары 50 адамды мемлекеттік мекеменің (Ұлытау облысы ТЖД “Кунг-вахтовка” автокөлігіне) мінгізіп, Жезқазған қаласына қарай жолға шығып кетті. Жөндеу жұмыстарын қажет етуіне орай аталған автобус көлік жүргізушісімен бірге автобусқа жөндеу жұмыстарын жасау мақсатында оқиға орнында, яғни Асфальт зауыттың маңында қалдырылды. (Аталмыш зауыттың жұмысшылары автобустың жөндеу жұмыстарына көмек беруде.), – деді. 

Фото: damu.kz/news (әлеуметтік желіден алынды)

Тағы да оқыңыз: