Kyzylorda-news.kz Республика күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флешмобын өткізді.

Ұлттық өнерді ұлықтаған шарада 100-ге жуық оқушы, ата-ана және педагог қазақ күйлері мен патриоттық әндерді орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Музыкалық бағдарлама аясында «Балбырауын», «Кеңес», «Келіншек», «Науысқы» күйлері, «Мұзбалақ», «Байрақ», «Атамекен», «Тау ішінде» әндері және Нұртуғанның «Қанекей, тілім, сөйлеші» термесі көрермен назарына ұсынылды.

Домбыраның күмбірлеген үнімен көмкерілген флешмоб ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ халқының бай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Айта кетейік, «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бастамасымен еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылды. Жалпыұлттық бастамаға 2500-ге жуық домбырашы қатысып, ұлттық өнерді ұлықтауға өз үлестерін қосты.

НИШ

Сурет: Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Тағы да оқыңыз: