Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушылары қаладағы көпбалалы отбасыларының бүлдіршіндеріне ойыншықтар сыйлады.
«Қолдан-қолға, жүректен-жүрекке» акциясын өткізуге мұрындық болған – «Ақмешіт» шаңырағының білім алушылары. Жас зияткерлер бір апта бойы жинаған 2 қорап сүйікті ойыншықтарын қала аралап, кішкентай балаларға үйлестірді.
«Мейірімділік – адамның ең үлкен сұлулығы. Мырза болмасаң да мейірімді бол, айналаңа мейіріміңді төгіп жүр» деп ғұламалар бекер айтпаған. Біздің мақсатымыз – айналамызға жақсы істеріміз арқылы қуаныш сыйлау. Алдағы уақытта да аталмыш акциямызды жалғастыруға бел будық», – дейді шаңырақ көшбасшысы Арайжан Нартай.