Kyzylorda-news.kz. «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД-ң Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қызмет атқару кезінде Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «ВАЗ» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 24 жастағы жүргізушінің көлік құралына тиесілі құжаттары толық емес күйде басқарғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды. Сонымен қатар бұл автокөлік «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына түсіп жылдамдық режимін 17 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 592-бабының 1, 2, 3 бөліктері бойынша 597 мың 285 теңге сомасында айыппұл салынған.
Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған.
Қызылорда облысы Полиция департаменті көлік құралына қатысты барлық құжаттарды уақытылы заңдастырып жүруге және жол ережесін бұзбауға шақырады.