Kyzylorda-news.kz Халықаралық Отбасы күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде психолог мамандардың, «Отбасы орталығы», «Айтбай» мешітінің имамы және «ORDA» жоғары колледжінің «Атамекен» тарих және «Туризм» үйірме мүшелерінің қатысуымен «Отбасын бұзу мода ма, мәжбүрлік пе?» тақырыбында ток-шоу болып өтті. 

Шара барысында бүгінгі күні етек алып бара жатқан отбасын бұзушылыққа, отбасындағы ата-аналар жауапкершілігіне, ата-ана мен бала арасындағы отбасылық тәрбиеге, отбасылық құндылықтарға байланысты әңгіме өрбіді.

10 айда Мемлекеттік корпорация 103 мыңнан астам некені тіркеді, оның ішінде 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы пайда болды. Неке саны бойынша көшбасшылар – Алматы, Астана және Шымкент. Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың жаңа азаматының тууы тіркелді. Қазір "Азаматтарға арналған үкімет" Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некелерді салтанатты түрде тіркеуді жүргізуде және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.

2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9% - ға аз. Некенің жалпы коэффициенті 6,07 құрады (1000 адамға). Көбінесе Астана қаласында некеге тұрды, неке коэффициенті 1000 адамға 7,46, ал ең төменгі деңгей Түркістан облысында 1000 адамға 5,55 болды. Отбасын құрушылардың ішінен алғаш рет 7 78,2%-ы және әйелдердің 79,4%-ы үйленді, ажырасқаннан кейін некені тіркеу үлесі ерлерде 20,4%, әйелдерде 18,9% – құрады. Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді. Бірінші некеге тұрудың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды. Құрылған барлық некелердің 82,3%-ы моно-этникалық, қалған 17,7% - ы этносаралық болды. Ажырасуға келетін болсақ, олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 9,6%-ға азайып, 40,2 мың ажырасуды құрады. Қалалық жерде 29,4 мың ажырасу тіркелген (73,1%), ауылдық – 10,8 мың ажырасу (26,9%). Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,02 құрады (1000 адамға). Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО – да атап өтілді, коэффициенті 1000 адамға 3,14, Түркістан облысында ең төмен-1000 адамға 0,89. Осылайша, 2023 жылы 1000 некеге 333 ажырасу қажет болды (347– 2022 ж.). Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (34,9%) некеде 1-4 жыл өмір сүрген отбасылар арасында, ажырасулардың 26,7% – ы 5-9 жыл бірге өмір сүргендер арасында болды. Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады. Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша рейтингте 105 елдің ішінде 2-орынды иеленді.

2023 жылы Қазақстанда 120,9 мың жұп неке қиды, бұл 2022 жылға қарағанда 6%-ға аз. Бұл ең төменгі көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін 2008 жылы халық саны 16 миллион адамға жетпесе де, ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиған болатын. 

Өңірлер бойынша отбасы құрғандар саны жөнінен Алматы алда тұр: 2023 жылы 13,1 мың жұп некелесті және бұл 2022 жылға қарағанда 4%-ға аз. Одан кейінгі орында – Түркістан облысы (11,8 мың) және Астана (10,4 мың. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген – 1,5 мың жұп.

Ажырасу жөнінен де Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың, 2022 бір жылға қарағанда 2,1%-ға аз. Одан кейінгі орында – Қарағанды ​​облысы (1,5 мың) мен Астана (1,5 мың). Ең аз ажырасу да Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 198.

2024 жылғы 4 наурызда жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр: 1000 адамға шаққанда 4,6. Сарапшылар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі деп туыстарының араға түсуін (61%), моральдық шектеулердің болмауын (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуын (25%) атап өтті. Сондай-ақ қазіргі замандағы қазақстандық әйелдер мен ерлерге сәйкес келмейтін қатал гендерлік рөлдердің сақталуы және некеге деген көзқарастың өзгеруі де проблемалардың қатарында.

Ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен қазақстандықтар неке институтын әлі де жоғары бағалайды. Зерттеулер жастардың 82,5%-ы болашақта отбасылы болатынына сенеді.

Ажырасудың себептері көп. Бірақ басты себептері не деген сауалға нақты жауап табу қиын. Біз осы сауалға жауап табу үшін отандық психологтардың әр уақыттарда келтірген деректерін, пікірлерін ой таразысына салып көрдік, шама-шарқымызша зерттеп-зерделедік. Қорыта келе ел ішінде жиі кездесетін бірқатар себептерді іріктеп алдық.

Бір перзенттің болмауы. Адамның отбасы құрғандағы басты мақсаты - ұрпақ өсіру, артына із қалдыру, бала тәрбиелеу, оның қызығын көру. Бұл қазақ ұлтына тән мінез, тән қалау. Оның үстіне, ұлттық мінезіміз бен менталитетіміз бөлек. Сондықтан біздің елде «балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» саналады. Міне, осыдан келіп не үшін жаңа жанұя құрған жұптың бірінің бедеулігі ажырасуға себеп болатынын түсіну қиын емес.

Түсінбеушілік немесе мінездің жараспауы. Түсінбеушілік неден туындайды? Ол екі жастың асығыс отбасын құру туралы шешім қабылдауынан, бір-бірін жете танып-білмеуінен туындайды. Оған себеп - үйленгенге дейін көңіл қосып, қазіргі тілмен айтқанда жүріп жүргенде өздерінің шынайы бет-бейнесін, мінезін көрсетпеуі, өздерінің болашақ жары қандай болғанын қалайтынын ашық жеткізбеуі.

Нәпсіқұмарлықтың кесірі. Ер адамдарда араққа, құмар ойындарына, нашаға, одан қалса жүріс жүруге әуестік басым. Бұлар - әйелдің сабырын түбі бір тауысатын жаман әдеттер. Ішімдікке салынған ер адам дүние мүлкін саудалап, үйден берекені қашырады. Бұдан кейін әйелдің ажырсудан басқа амалы қалмайды. Алайда, осындай жағдайлар ішінара әйелдер арасында да кездеседі. Бұл отбасы екі жаққа бөліп тынады.

 Тұрмыс тауқыметі. «Ажырасуларыңызға не себеп болды?» деген сұраққа әйелдердің көбі: «Күйеуім табыс таппады, жатыпішер, жалқау», - деп жауап беретіні түрлі сауалнамалардан мәлім. Егер, ер адам отбасын құруға, бір жанұяны асырауға дайын болмай, соқыр сезіммен, желікпен үйленер болса, оның ақыры - ажырасуға соқтырып жатады. Себебі, әйел жаратылысынан ер адамнан қамқорлық пен мейірім күтеді. Арқа сүйер ер-азамат іздейді. Сол сенім үдесінен шыға білу ләзім.

Осы аталған алты себептен бөлек те көптеген себептер бар. Олардың қатарына кінәсін мойындамау, тәкаппарлық, қырсықтық, кекшілдік, ата-енелердің қытымырлығы, өз қалауымен қосылмау, алып-қашу салдары, екі жастың арасына үшінші біреудің от салуы, орынсыз өсек-аяңның кесірі, бір-біріне сенбеу сынды себептерді атауға болады.

Ажырасулардың ең төмен көрсеткіші Үндістан, Мозамбик және Кения сияқты елдерде тіркелген. Әрине, бұл елдерде некелескендердің бәрі бақытты деген сөз емес. Құқық қорғау саласының нашар екенін, қағазбастылықтың көп екенін және қоғамдық нормалардың қатаң екенін білдіреді. 

Шарада көкейтесті сұрақтар қойылып, ойлар ортаға салынды. Өзекті тақырыпта ұйымдастырылған шараның студент жастарға берері мол болды.

Студенттердің шараға белсенді қатысуын қамтамасыз еткен – «Атамекен» тарих үйірмесінің жетекшісі Жусупова Бота Мәлікқызы және «Туризм» үйірмесінің жетекшісі Қосбармақова Гүбану Советқызы. 

 

Қорлан САРЫ
Фото: parovarim.com

Тағы да оқыңыз: