Kyzylorda-news.kz Түркістан облысының прокуратурасы Telegram желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, cоның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты фото/видео көруге арналған ақылы арнаны тапты, - деп хабарлады Tengrinews.kz
Тексеріс барысында Telegram желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.
Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген.
"Желі аудиториясы - Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде сайт ұйымдастырушылары, қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталған. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазір ол қамауға алынды.
"Бұл деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы және 312-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.
Фото: freepik.com