Kyzylorda-news.kz. Қылмыстық-атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы комуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, қам көңіл жандардың көңілін аулап қайтты. 

Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен болған бұл іс-шараның мақсаты – жас қызметкерлерді адамгершілік қасиеттерге, мейірімділікке баулу,  патриоттық тәрбие беру,  сондай-ақ имидждік сипатты арттыру болып табылды. 
Қатардағы жауынгер Аянбек Балғынбай, Нұрзия Қадырбекқызы және кіші сержант Асылжан Әбдішүкір әннен шашу шашты.

«Жастар  аға буынмен тез тіл табысып кетті. Өздерін таныстырып, қарттардың өткенінен қызықты әңгімелер тыңдады. Сондай-ақ, пансионат бөлмелері мен зейнеткерлердің демалыс орындарын аралады. Қарттар үйінің атмосферасы жастардың жүрегін елжіретті», - деді кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік дене шынықтыру жөніндегі инспекторы аға лейтенант М.Тұрымбетов. 

Қатардағы Аянбек Балғынбай да өз сезімімен бөлісті.

«Жасы үлкен кісіні сыйлау, құрмет көрсету ата-аналарымыздан көріп өскен тәрбиеміз. «Батаменнен ел көгерер» демекші, бүгінгі қамкөңілді қариялардың батасын алу мерейімді өсірді. Өзгеге қуаныш сыйлап, мейірімді танытуды перзенттік парызым деп санаймын. Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері қызметте ғана емес, шынайы өмірде де, жан-жағына үлгі көрсете білетін азамат болу керек. Сондықтан еліміздің жас азаматтарын қайырымдылыққа үн қосып, алдыңғы буын ата-әжелерге, апалар мен ағаларға ізет көрсетіп жүруге шақырамын», - деп лебізін білдірді қатардағы Балғынбай Аянбек.

WhatsApp Image 2022-11-18 at 15.18.00.jpeg

Тағы да оқыңыз: