Kyzylorda-news.kz. 1985 жылы Юнесконың шешімімен 29 сәуір - халықаралық би күні болып бекітілді. Осы атаулы датаға орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына өңірімізге белгілі «Томирис» би ансамблінің бас балетмейстері Гүлбану Мырзабаева би өнерінің маңызы туралы баяндап берді.

«Қазақ елінде би өнері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бұл өнер талғам мен сезімнің, жинақылық пен нәзіктіліктің көрінісін айшықтайды. Бекзат өнер саналатын би көрерменге адамның ішкі жан дүниесі мен мінез-құлқын да дәлме-дәл жеткізуді мақсат етеді. Сыр елі соңғы онжылдықта мерекені жүйелі түрде атап өтуде. Бүгінгі таңда облыс әкімі өнерге көптеген қолдау көрсетуде. Соның бірі аймағымызға жаңадан салынып жатқан өнер орталығы. Сондай-ақ, өнер адамдарына көптеген қаржылай көмектер көрсетуде. Қазіргі күнде облысымзда би өнеріне құлшыныс білдірушілердің саны артып келеді. «Томирис» би ансамблі 2001 жылы кәсіби ансамбль болып құрылды. Бүгінде «Томирис» би ансамблінде 20 биші өнер көрсетеді. Осы жылдар ішінде ансамбліміз халықаралық фестивальдерге қатысып, бірнеше орындарға ие болды. Қазақ биінің падишасы Шара Жиенқұлованы еске алуға арналған республикалық турнирде біздің өнерпаздар жүлделі екінші орынды алдық. Қазіргі таңда республикалық, халықаралық турнирлерге дайындық  барысы жүргізілуде», - деді Гүлбану Елубайқызы.

Тағы да оқыңыз: