Kyzylorda-news.kz. Елімізде 3-6 шілде күндері Қарағанды қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері қатысып, жүлделі оралды. Тартысты бәсекеде 63 келі салмақ бойынша Ақтоты Зарип пен 78 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Шынар Абатова чемпионатта 3 орын иеленді.

Айта кетейік, Шынар Абатова Ливанның Джуния қаласында өткен самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанған болатын.

Тағы да оқыңыз: