Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық-2023» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Сырдария өзенде 1 сәуірден - 31 мамыр аралығында және барлық су айдындарында 20 сәуірден - 10 маусым аралығында, сондай-ақ Кіші арал теңізінде 1 мамырдан - 10 маусым аралығында Қызылорда облысының аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезені жүргізіледі.
Уылдырық кезінде балық аулауға тиым салынады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бап. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұлға тартылатындығын ескертеміз.
