Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 24 ақпан-13 наурыз күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.  

Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.    

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 18  күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 170 дерегі анықталған, 4 қылмыстық іс және 166 әкімшілік құқық бұзушылық. Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы)  98 дерегі анықталды.   Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен) бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды, ал азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену,беру,есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен) 44 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Тағы да оқыңыз: