Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Профилактика апталығы» іс-шарасы аясында қала маңындағы «ПМК-29», «ПМК-66», «Қосшыңырау», «Талсуат» саяжайларына рейдтік тексерулер жүргізді. Аталған іс-шараға 50 қызметкер және 10 автопатруль жұмылдырылды.

Іс-шараның басты мақсаты - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы - тұрмыстық қарым –қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша  ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.

Аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Іс – шара аясында елді мекенге қарасты 465 мекен – жәй тексерілді. Жүргізілген тексеру барысында 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: отбасы-тұрмыстық қатынастарды бұзу – 2, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 3 ,абаттандыру қағидаларын бұзу – 19, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 1 дерегі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 

b30cf752-c6a9-4090-9c91-12b9dc7bac4a.jpg

 

55e27200-214e-4dc4-b410-55e022b2acf7.jpg


     
 

Тағы да оқыңыз: