maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінде Республика күніне орай салтанатты шара өтті.

Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту - бұл Жаңа Қазақстанның жаңа буынының өз тарихи бастауын жаңаша тануы және ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символы болып табылады. Осы орайда, Қызылорда облысы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында  Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. 

Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. 

Мерекелік шара барысында Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Ахметжанов Марат Мұратұлының мерекелік жедел хаты оқылды.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен 14 қызметкер марапатталып,  мерзімінен бұрын 1 қызметкер «подполковник» шенін, 2 қызметкер бір саты жоғары «полковник» шенін алды. Сондай-ақ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен 1 қызметкер, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен 1 қызметкер марапатталды.  
Департамент бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы ардагерлер мен қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ұлық мереке. Осындай маңызы бар тарихи сәтте еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!», - деді департамент бастығы Мұхтар Аманқұлұлы.                 

Қызылорда облысы ПД бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 500-ден аса қызметкері, оның ішінде 53 ардагер марапат алды. Сонымен қатар, осы мереке күні 33 полиция қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айтулы күнмен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлы қызметкерлерді құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында абыройлы қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне арнап облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті. 

полицей.jpg

Тағы да оқыңыз: