Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамаларын қолдай отырып, облыс оқушылары мен студенттері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған есірткіге қарсы акциялар өткізді.

Облыстың оқу орындары «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранын ұстана отырып, акция барысында есіркіге қарсы үгіт бригадалар үндеуін, концерттік бағдарлама, есірткіге қарсы профилактикада ерекшеленгендерді алғыс хаттармен марапаттау, есірткіге қарсы би – театр қойылымдар бағдарламалары мен әндер орындап, полиграфиялық өнімдерді таратып, әлеуметтік роликтерді көрсетіп , тағы да басқа іс-шараларды іске асырды.

Ұйымдастырылған іс-шараларға 2000-нан астам көрермен, ұйымдастырушылар мен қатысушылар қатысты. Есірткіге қарсы үздік акцияларды Арал ауданының №62 мектеп-лицейі, Сырдария ауданының №37 мектеп – лицейі және Жалағаш ауданының №118 орта мектеп оқушылары дайындады.

Тағы да оқыңыз: