Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады.
– Жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін рейдтер барысында бір апта ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарған 10 жүргізуші анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 – бабына сәйкес тиісті әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды, - делінген полиция хабарламасында.
Тәртіп сақшылары алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін көлік құралын басқару сіздің өміріңізге және денсаулығыңызға ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіретінін еске салады.
– Сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жауапкершілік танытуға және мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырамыз. Жолдардағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты, - деп қосты ведомство.
Сурет: freepik.com
