Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер Қарағанды қаласында өткен қоян-қолтық жекпе жектен алтын иеленді.
Қарағанды қаласында 17-19 тамыз күндері қоян-қолтық жекпе-жектен ҚР ІІМ-нің чемпионаты өткен. Бұл сайысқа бүкіл өнірден келген 300 - ден астам спортшылар, 33 команда қатысты.
Жарыс тартысқа толы болды. Өйткені ойынға кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды. Спорттық додада Қызылорда облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Асқар Қонқабаев жетекші боп барған командасы 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Нұршат Аманқосов сынға түсті.
Жарыс барысында 5 кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, алтыннан алқа алып үздік спортшы атанды.Одан бөлек 88 келі салмақта өнер көрсеткен Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрбол Сқақов әріптесінің жетістігін қайталап, Қазақстан кубогын жеңіп алды.
