Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық–зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен 21сәуірден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық шараларын жүргізуде.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 465 тұлға тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімесулер жүргізілді.
Сонымен қатар қала орталығындағы Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көше бойындағы бірнеше аулалар, Титов қыстағындағы сауда үйлер, Тасбөгет елді мекенінде бірнеше аулалар араланып, сол манда орналасқан дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомблықтың алдын алуға арналған жадынамалар ілініп, профилактикалық шолу жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.



