Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастамасымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер және департаменттің жеке құрамы қатысты.
Шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубәқабылұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, елдегі тұрақтылық пен бірліктің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, көпұлтты қоғамдағы татулық пен өзара түсіністік – мемлекеттің басты құндылықтарының бірі.
Салтанатты жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері сөз сөйлеп, ұлттық өнерлерін көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар ішкі істер органдарында қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдері мерекеге орай ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдері Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: