Фото: life09.kz

Kyzylorda-news.kz.  Бір тәулік ішінде қызылордалық полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 жүргізушіге көмек көрсетті.

Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының атына әлеуметтік желілер арқылы облыс жолдарындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайға тап болған жүргізушілерден алғыс сөздер келіп түсуде. 

12 желтоқсан күні Қызылорда облысында ауа райының күрт суытып, боран болуына байланысты, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге полицейлер тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарда жол жағдайына байланысты, көлік жүргізушісілердің жағармайлары қатып қалып, 15 автокөлікке патрульдік полиция рота қызметкерлерімен көмек көрсетілді, яғни автокөліктер қайта жолға шығарылды. 

 Патрульдік полицейлер осындай жағдайларда қандай әрекет жасау керек екендігін біледі. Көлік құралдары тоқтап қалған жағдайларда эвакуаторды шақыру, қажет болған жағдайда елді мекенге жеткізу, көлік құралының қозғалтқышын жылыту, эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді. Біз қызметкерлерімізді кез келген жағдайларға дайын болуға үйретеміз. Үнемі азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды назардан тыс қалдырмауыз қажет, – дейді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығы Махсудхан Аблазимов.

 

Тағы да оқыңыз: