Kyzylorda-news.kz. Қызылордада аудан тұрғынының автокөлігінен есірткі табылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолы, яғни Тасбөгет кентінің тұсында қызмет атқару барысында Арал ауданының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Lada-Kalina» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында жолаушыдан газет қиындысына оралған шөп ұнтақтары тәркіленді, сараптамаға жолданды. Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.

Сонымен қатар күдікті үйінің ауласында 5-түп сораны егіп баптағаны анықталды.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Д.МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: